06 Қазан, 2022 2272

Мұхтар Шаханов: Мен өте нашар ақынмын

Атырау қаласында ақынның 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылған жыр кешінде М.Шаханов өзі туралы осылай деп айтты.


Мұнайлы өлкенің М.Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрында Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты жыр кеші өткен еді.

Кеш барысында сахнаға шығып сөз алған Мұхтар Шаханов жиылған жұртшылық пен ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

- Мен Қазақстанның ең нашар ақынымын. Кезінде мен жайлы осылай айтылып, билікке менің атымды атамауға, газет-журналдарға шығармаларымды шығармауға тапсырма берілген. Оны билік басындағылар көп жылдар бойы жақсы орындады... Қадірменді бауырлар, қадірлі қауым! Осындай керемет кеш ұйымдастырғандарыңызға ризамын. Өте жақсы әсер алдым, - деді ақын.

Айта кетейік, киелі Түркістан өңірінде дүние есігін ашқан ақынның қаламынан өлеңдер, балладалар, поэмалар жинағы жарық көріп, драмалары сахналанды.

Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы Эйнштейн атындағы алтын медаль берілді. ЮНЕСКО оның жырларын әлемдік поэзияның осы замандық биігі деп таныды.

 

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда