06 Қазан, 2022 172

Министр бірнеше партиядан бір кандидатты ұсыну туралы айтты

Әділет министрі Қанат Мусин бірнеше қоғамдық бірлестіктің президенттікке бір кандидатты ұсынуына заң тыйым салмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Amanat партиясы съезінде журналистер министрден коалициядан Президенттікке кандидатты тіркеу қалай өтетіні туралы сұрады.

    "Тіркеу "Сайлау туралы" Заңға сәйкес өтеді. Бір қоғамдық бірлестік кандидатты ұсынады, ол тіркеледі. "Коалиция" - заңнамада мұндай термин жоқ. Рәсім бойынша қоғамдық бірлестік ұсынған кандидат тіркеу кезінде өзінің келісімін жазбаша түрде білдіруге және осы қоғамдық бірлестіктен үміткер екенін көрсетуі тиіс.

    Заңда қоғамдық бірлестіктер санына ешқандай шектеу жоқ. Бірнеше қоғамдвқ бірлестік бір кандидатты ұсына алады. Кандидат оны кандидат ретінде тіркеген кезде белгілі бір қоғамдық бірлестіктен сайлауға түсуге өзінің келісімін береді", - деді Қанат Мусин.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері министрден президенттікке үміткердің қандай таңдауы болатынын сұрады.

    "Мен бұл жағдайда президенттікке кандидаттың қандай таңдауы болатыны туралы түсініктеме бере алмаймын. Кандидат ұсыну рәсімі аяқталғанға дейін кез келген партияға келісімін бере алады", - деді Мусин.

Фото Tengrinews.kz

Atpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда