05 Қазан, 2022 152

Атырауда «Іскер ана» жобасы өтеді

Бұл жөнінде «Іскер ана» жобасының жетекшісі, "Аналарға көмек қолдау" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сандуғаш Кукенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.


- Қазан, қараша айларында өтетін бұл жоба қалалық Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің келісімімен және "Инфо орталық" қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып отыр. Жобаның мақсаты – көп балалы, жалғыз басты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, әлеуметтік аз қамтылған аналарды оқыту, өз ісін ашуға қолдау көрсету. Жоба бойынша 350 ана ниет білдірді, деді С.Кукенова. 


Жоба үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңінде аналар тренингтерден өтсе, екінші кезеңде аспаз, тігінші, шаштараз сынды және тағы басқа мамандықтар бойынша оқытылады. Ал, үшінші кезеңде тауар негізінде гранттар беріледі.


Айта кету керек, сәтті шыққан жоба бойынша 10 қатысушыға 250 000 теңгеден тауар түрінде грант беріледі.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда