05 Қазан, 2022 142

Құрбысының атына 9 несие рәсімдеген күдікті анықталды

Бұл туралы облыстық полиция департаментініңбаспасөз қызметі хабарлады.


Исатай ауданының 1990 жылы туған тұрғынының атынан белгісіз біреу  9 рет банкілерден несие рәсімдеген.  Жәбірленуші банктер мен қаржылық ұйымдар тарапынан өзіне түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің  804 993 теңге көлемінде несие қарызы барын біледі. Тәртіп сақшылары осы факті бойынша онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмысын жасаған 1991 жылы туған Исатай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Айта кетейік, тергеу барысында жәбірленуші өзінің жеке басын куәландыратын құжаттарын бұрынырақ күдіктіге, яғни таныс құрбысына бергені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190 бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары, жеке басын куәландыратын құжаттарды және жеке құпия сөздерді ешкімге жарияламау қажеттігін ескертеді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда