05 Қазан, 2022 156

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сын астында қалды

Қазақ тілінде ақпарат бере алмаған Олимпиада чемпионы, елге танымал боксшы Серік Сәпиев сын астында қалды.


Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженовтің «неге қазақша ақпарат бермейсіздер» деген сұрағы Сәпиевтің қытығына тиген сыңайлы.

Журналистің айтуынша, отандық спорттың өкілдері Астанада бас қосып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауына түсуін қолдау үшін арнайы брифинг өткізген. Алайда сөз сөйлеген спортшылар да, министрлік өкілдері де баяндамаларын қазақ тілін біле тұра мемлекеттік тілде оқымаған, деп жазады А.Қаженов өзінің Фейсбук парақшасына.

Ал қазіргі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы болып қызмет етіп жүрген Серік Сәпиев:

«Енді мен не айтамын? Оларға «қазақша сөйлеңдер» деп айтайын ба? Болды, айтамын», деп  жауап берді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда