03 Қазан, 2022 793

Балықшыда көлік қозғалысы шектелді

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты “Балықшы-Зарослый” тасжолының бір бөлігі уақытша жабылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


Атырау қаласының әкімдігі “Балықшы-Зарослый” тасжолын қайта жаңғырту барысында 25-көшеден Зарослый бұрылысына дейінгі 1,2 шақырымдық жол бір айға жабылғанын мәлім етті.

 "Аталған жұмыстар жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Тұрғындардан туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұраймыз" дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегі мамандар.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда