03 Қазан, 2022 2720

Атырауда балабақшаны талқандаған жасөспірімдердің кімдер екені белгілі болды

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.


Балабақша бейнекамераларының көмегімен мектепке дейінгі мекемеге баса көктеп кіріп, ішін тас-талқан еткен оқушылардың кімдер екені анықталды.

Атырау облысы полиция департаментінің  хабарлауынша Құлсары қаласындағы балабақша ішінде орын алған құқық бұзушылық фактісіне қатысты 9 оқушының ата-анасы шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Еске сала кетейік, оқиға Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы "Қызғалдақ" балабақшасында болған. Демалыс күндері 6-7 сынып оқушылары балабақшаға кіріп, терезелерін сындырып, балалар бөлмесін, бөбекжайды және асхананы тас-талқан еткен.

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда