03 Қазан, 2022 183

Атырауда жыл басынан бері пәтерді заңсыз жалға берген 44 азамат анықталды

Бұл туралы Кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдердің басқарма басшысы Нұрболат Сарманов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Биыл 4299 салық төлеуші тұрғын үйді жалға беруші қызметімен тіркелген. Оның ішінде 3787 жеке кәсіпкер болса, қалған 512-сі заңды тұлға.


- Егер пәтер иесі жалға беру кезінде жылдық табысы 720 мың теңгеден  аспаса, онда ол дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Жеке тұлға салық органдарына тіркелмесе де, олардың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар, бірақ бұл ретте тұлға жылдық табыстан 10 пайыз көлемінде жеке табыс салығын төлейді, - деді Н.Сарманов.


Айта кетейік, салық кодексінің 774 бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады. Мұндай тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, 3 млн 599 мың 025 теңгеден аспайтын жылдық табыс ала алады.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда