03 Қазан, 2022 195

Атырауда Ет орталығы жаңа заманауи мал сою және сату кешені

Атырау қаласының Береке ауылында заманауи мал сою және сату кешеннің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Жаңа нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары, Атырау облысының Иманғали мешіттін бас иманы, қала қонақтары мен тұрғындары қатысты.
Лента қию рәсімі  “Иманғали “мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысхан мен  Атырау қаласының әкімінің орынбасары Ерболат Умаровқа жолданды.

- Қаламыздағы халыққа ең қажетті жобаның ашылу салтанымен құттықтаймын. Бұл мал базары заманауилығы мен және халал сертификатымен ерекшеленеді. Бұдан бөлек 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.  Аталған жоба Атырау қаласы әкімдігі жанынан құрылған инвестициялық және инновациялық жобаларды қарау Кеңесімен мақұлданған. Жобаның бастамашыларына сәттілік, - деді Е.Умаров.

Мал базары ет сойып қана қоймай, оны сатуға мүмкіндік береді. Аталған нысанның жалпы көлемі 1000 шаршы метрді құрайды. Тәулігіне 150 мал союға арналған кешенде  150 ұсақ малға, 150 ірі малға арналған қора салынған.

Орталықтың ішінде малды сатып ғана қоймайды, оны жуып, тазалау қызметтері де қарастырылған.

Қазіргі таңда аталған мал базарда 15 адам жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта 35 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отыр.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда