18 Қыркүйек, 2022 382

Атырауда не өртеніп жатыр?

Атырау қаласын тағы да қара түтін қаптады, деп хабарлайды Atpress.kz тілшісі.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінен білгеніміздей, 18 қыркүйек күні  сағат 12:00-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылдық округі, Алғабас ауылынан  Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта 20 гектар қамыс өртенді. Батпақты жер болғандықтан техниканың бара алмауына байланысты оны сөндіруге мүмкіндік болмады. Атырау қаласына қарай оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с жылдамдықпен жел соғып, түтін иісі сезілді. Зардап шеккендер жоқ.

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда