16 Қыркүйек, 2022 13688

"Atyray" телеарнасының бұрынғы дикторы өмірден өтті...

"Atyray" телеарнасының бұрынғы жаңалықтар жүргізушісі Динара Нұрмолдина небәрі 31 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.


Қаралы хабарды онымен бірге қызмет еткен әріптестері жеткізді. Олар оның байсалды, сабырлы, әрі позитивті көңіл-күймен жүретінін еске алады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, құрбысы:

"Динара туралы өткен шақта айту өте қиын... Өте қарапайым болатын. Бір уыс нанды бөліп жеген әрі әріптесім, әрі досым еді. Жиырма жасымызда танысып, басымыздан небір нәрсені бірге өткіздік. Армандап жүрген баспанамызға да бірге қол жеткіздік. Енді оны қара жердің қойнына қию өте ауыр..."

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, ауылдасы: 

 

"Екеуміз бір ауылдан едік. Динара меннен бірнеше сынып төмен оқыды. Өткен қыста ата-анасының үйінде болған едік. Қарапайым, іскер қыз еді. Қалада да көрші тұрдық".

Біз де, "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі мен оған қарасты "ATPress" редакциясының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Көрермен жүрегінен ойып орын алған әріптесіміздің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі жатталмақ.

Ақтық сапар 19 қыркүйек күні өзі туған Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында өтпек. 

Амандық Сағынтайұлы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда