10 Қыркүйек, 2022 4183

Атырауда жеке үйлерде интимдік қызмет көрсететін 20 азаматша анықталды

"Түнгі көбелектер" "Авангард" шағынауданында қызмет көрсеткен, деп хабарлайды ATPress. kz.


Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жылдам қимылдайтын взвод жасағының қызметкерлерін жұмылдыра отырып, 2022 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Республика көлемінде өткізіліп жатырған «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында қала аумағында орналасқан "Авангард" мөлтек ауданының тұрғын үйлердің бірінде жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды.

Іс-шара барысында Ескі базар мөлтек ауданында екі қабатты тұрғын үйдің бірінде интимдік массаж түрімен қызмет көрсететін төрт қызметкер және әкімшісі анықталып, 20 жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысатын азаматшалар есепке қойылды.

Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты Көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабында көрсетілген құқықбұзушылық ісін қозғау мәселесі шешілуде және ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабында көрсетілген құқықбұзушылық дерегі бойынша 6 тұлғаға хаттама толтырылды.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды. 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда