13 Тамыз, 2022 793

Атырауда жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Оқиға 13 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 157 шақырымында болған.

  "Лада Гранта автокөлігінің 1992 ж.т., жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай көлік аударылып, көліктің алдынғы орындығындағы 1991 ж.т., жолаушысы қаза тапты. Тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда