12 Тамыз, 2022 2170

Қызылқоға ауданына жаңа әкім тағайындалды

«Бүгін Әзмұханов Қанат Қадыржанұлы Қызылқоға ауданының әкімі болып тағайындалды» деп хабарлайды ATPress.kz


Қанат Әзмұханов Орталық Азия университетін 2003 жылы «заңгер», 2008 жылы «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын «Жузе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі болып бастаған.

 

«Каспианпроджектсервис» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС Бас директоры болып еңбек етті.

2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кеңесшісі, ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі,  «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

Әр жылдары Атырау қалалық мәслихатының хатшысы, «Region Trans Com» ЖШС кадр жөніндегі директоры болып қызмет етті. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры болып еңбек етті.

Atpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда