10 Тамыз, 2022 1214

Артында екі сәби қалды: Атырауда облыстық ауруханада жүкті әйел көз жұмды

"Марқұм жүктіліктің 17 аптасында болған" деп хабарлайды ATPress.kz


Бұл туралы қоғамдық белсенді Нұрлан Жунасов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жариялады.

Қайғылы оқиғаның қалай болғаны жөнінде марқұмның жолдасы айтып берді.

«Әйелім ауруханаға түсті. Бір күннен кейін оны кері шығарып жіберді. Үйге келген соң әйелімің жағдайы нашарлап, қан құсып тұрды. Ауруханаға қайта жатқызғаннан кейін әйелім көз жұмды» деді марқұмның жолдасы.

Белгілі болғанындай, ауруханада әйел түсік тастаған. 17 апталық шақалақтың денесі он күннен бері мәйітханада жатқанын марқұмның қайтқаны туралы анықтаманы алып кетуге келген кезде ғана білген.

Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі бала қалды. Жас отбасының шаңырақ құрғанына үш жыл ғана болған.

 

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы қайғылы жағдайды растады. "Оқиғаға қатысты түсінік Атырау облысы полиция департаментімен бірлескен түрде беріледі" деп қысқа қайырды аталған басқарманың баспасөз-қызметі.

Баян Жанұзақова

Atpress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда