10 Тамыз, 2022 495

Қашағанда мұнай өндіру қайта жанданды

10 тамызға қараған түні Қашаған кен орнында мұнай өндіруді кезең-кезеңімен қалпына келтіру басталды. Бұл туралы Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC (North Caspian Operating Company) баспасөз қызметі хабарлады.


Теңіз және жер үсті кешендерінде рұқсаттарға сәйкес белгілі бір уақытқа дейін газ жағу шектелетіні айтылған.

"Газды жағу Қашаған кен орнын игеруді қамтитын осындай күрделі өндірістік операцияларды қайта бастаудың стандартты процесі саналады және шектеулі уақыт ішінде үзіліспен жүргізіледі", - деп түсіндірді компания өкілдері.

 Еске салайық, 5 тамызда Қашағанда мұнай өндіру газдың шығу белгілеріне байланысты тоқтатылғаны хабарланған болатын.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда