08 Тамыз, 2022 842

Атырауда 10 тоннадан астам мал азығы өртеніп кетті

Атырау облысында ауладағы қысқа азық ретінде дайындалған 47 рулон, шамамен 10 тоннадан астам шөп түгі қалмай өртеніп кетті.


 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне қарағанда, өрт 7 тамызда сағат 03:25-те болған. Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылындағы Ғ.Есенгалиев көшесіндегі екі үйдің ауласында алдағы қысқа дайындалған рулон шөп жиналған. Оның жалпы ауданы 15х8 метрді құрайды. Жалынның салдарынан ауладағы 47 рулон түгі қалмай жанып кетті. Өрт сағат 05:30-да оқшауланып, сағат 06:30-да толық сөндірілді.

«Өрт сөндіруге Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері мен 1 техникасы, «Семсер» ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Жалынның салдарынан зардап шеккендер жоқ», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Сурет - ашық дереккөзден.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда