06 Тамыз, 2022 2087

Атыраулық дзюдошы қыз орыс тіліндегі сұраққа қазақша жауап берді

Азия чемпионатының күміс жүлдегері атыраулық Абиба Әбужақынованың орыс тілді журналистерге қазақша жауап берді.


Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан өтіп жатқан Азия біріншілігінде "Қазақ палуандары мемлекеттік тіл үшін де күресіп жүр" деп жазады Facebook-те «Хабар» арнасының тілшісі Аслан Қаженов.

  Орысша сұраққа қазақша жауап бергендердің бірі 48 келі салмақта күресіп, күміс медаль алған атыраулық ару Абиба Әбужақынова. Оның бұл әрекетіне сүйсінген ел палуан қыздың мемлекеттік тілге деген құрметін нағыз отаншылдыққа балады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда