04 Тамыз, 2022 895

Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан автокөлікке қағылған әйел адам ауруханаға түсті

Атырау қаласынада жаяу жүргіншілер жолағынанавтокөлікке қағылған әйел адам облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ATPress.kz.


Бұл иуралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлімдеді.

"4 тамыз сағат 11:30 шамасында 1963 жылы туған  қоғамдық автокөлік жүргізушісі Құрманғазы көшесі бойында жол қауіпсіздігін қадағаламай, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1988 туған азаматшаны қағып құлатып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соққы салдарынан алған дене жарақаты бойынша 1988 ж.т. азаматша жедел жәрдем автокөлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталуда" делінген хабарламада.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда