04 Тамыз, 2022 485

Атырауда 15 жүкті әйел каронавирустан ем алып жатыр

Бүгінде №2 Атырау облыстық ауруханасында коронавирус инфекциясына қарсы 42 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 15 жүкті әйел, 10 ересек науқас және қалғандары балалар, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.


- Біздің мақсатымыз – ауырып ем іздеп келген науқастарға дер кезінде көмек беру. Ауруға бей-жай қарамай, уақытылы дәрігердің көмегіне жүгінуге кеңес беремін. Әсіресе, балалар мен жүкті әйелдердің имунитеті әлсіз болғандықтан, ауруға бейімделгіш келеді, деді инфекционист-дәрігер Шолпан Қанатова.  

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде аурудың өршуіне вакцина алушылардың аздығы әсер етіп отыр.

- Облысымызда 273 мың адам вакцинаның I компонентін алса, ревакцинацияны тек 105 мың, қайта ревакцинацияны 6 мыңға жуық тұрғын алған. Өздеріңіз байқап отырғандай, ІІ доза вакцинациядан өткеннен соң 6 айдан кейін иммунитет төмендей бастайды. Сондықтан 6 айдан соң ревакцинация, тағы 6 айдан соң қайта ревакцинация алуды ұсынамыз, деді Айша Кенжемұратова.


Айта кетейік, бүгінде емханаларда егу пунктері демалыссыз қызмет етеді. I және II компонентті вакцинаға Pfizer, ал ревакцинацияға Vero Cell және QazVac вакциналары бар.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда