04 Тамыз, 2022 1069

Атырауда қала әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Атырауда қала әкімдігі аппаратының басшысы лауазымына Самат Емберген тағайындалды, деп хабарлайды ATPress.kz.


Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Самат Емберген 1979 жылы дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Ол  2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітіріп, тарих пәнінің мұғалімі, ал 2007 жылы «Заңгер» мамандығын алған.  2005 жылдан мемлекеттік қызметте еңбек етуде.


Айта кетейік, Самат Емберген  жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін қала әкімі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда