04 Тамыз, 2022 454

Иран Әзербайжан шекарасына әскери техникасын жеткізе бастады

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы техникаларын Әзербайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастады.


Бұл туралы бейнежазба ирандық Sepah Pasdaran Telegram-арнасында жарияланды.

2022 жылы наурызда Ислам революциясы Сақшылар корпусы көрші мемлекеттер шекарасындағы өзгерістерге шыдамайтынын, сондықтан "Арменияға кез келген әскери басқыншылық Иран Қарулы күштерінің реакциясына тап болатынын" ескертті. Иран мен Әзербайжан шекарасының 400 шақырымы ортақ.

Айта кетейік, Әзербайжан шекарасына Иран әскери техникасын тасымалдағаны туралы ресми растау жоқ.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда