22 Шілде, 2022 911

Атырауда «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі өтті

Атыраулықтар «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің бірінші кезеңіне қатысушыларды құрметпен қарсы алды.


Қала көшелерінде авто-мото шеру ұйымдастырылып, шеруге қатысушылар орталық көшелермен көк Туды желбіретіп жүріп өтті.

Халықаралық шеруге қатысушылардың құрметіне Бейбарыс Сұлтан алаңында ұлттық нақыштағы бұйымдардан жәрмеңке өтті. Онда атыраулық қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды.

Сонымен қатар, жиналған қауым үшін концерттік бағдарлама да ұсынылды. Жергілікті әншілер атыраулықтар мен оның қонақтары үшін ән салып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Елордадан басталған халықаралық шерудің басты мақсаты - ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулық. Түрлі ұлт өкілдерінен жиналған марш қатысушыларын атыраулықтар құшақ жая қарсы алды.

Ілкімді іс-шара биыл 16 рет өз жалғасын тауып отыр. Айта кету керек, бұл халықаралық шерудің бірінші кезеңі, ал екінші кезеңі Еуропа Азия елдерінің 18 мемлекетін қамтитын болады.

«Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің қатысушылары Атыраудан Солтүстік Кавказға қарай бет алды.

 

 

 

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда