29 Маусым, 2022 231

Атырау облысында қызыл кітапқа енген шағала қырылып жатыр

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында мекеме инспекторлары құстардың өлу фактісін растады. Олардың қырылу себептері анықталуда, деп хабарлайды Қазақстан республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.


Учаскені зерттеу кезінде мыңнан астам үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам қылаң қарабас шағала және үш жүз өгіз шағала өлексесі тіркелді.

Осы аталған құстардың арасындағы қарабас шағала Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген екен.

Қанаттылардың неден қырылғанын анықтап, зерттеу  үшін 3 қарабас пен 2 шағаланың өлексесінен сынама алынды.

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда