29 Маусым, 2022 255

Атырауда акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы анықталды

Атырауда заңсыз жолмен алкоголь, дизель отыны мен темекі сату жайттары анықталды, деп хабарлайды ATpress сайты.


  Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізді. Соның нәтижесінде 3 жеке тұлға 1520 бөтелке заңсыз алкоголь өнімін,  2000 литр дизельдік отынды және 260 пачка Bond және LM темекі өнімдерін заңсыз жолмен сатпақ болғаны анықталды.

 Осы бойынша іс материалдар Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзышылықтар жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды.

Алдағы уақытта көлеңкелі экономиканы алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда