28 Маусым, 2022 686

Атырауға 536 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілмек

Бұл туралы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ баспасөз хатшысы Гүлназ Кәрімжан мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммникациялар қызметі.


Қазіргі таңда Атыраудағы «Агрофлекс» қоймасында 690,6 тонна көлемінде қажетті тауар қоры бар. Сондай-ақ, өңір халқы үшін маңызы бар 536 тонна азық-түлік тауарлары шілде айының басына дейін жеткізілмек. Ал, қырыққабат бағасын тұрақтандыру үшін Түркістан облысындағы шаруа қожалығымен 40 тонна көлемінде келісім жасалған. Осы тұрғыда бағаны тұрақтандыру және облысты қантпен қамтамасыз ету аясында «Идеал Маркет» ЖШС «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-нан 408 тонна қант сатып алды. Қазіргі таңда нарықтағы қант бағасы 517 тг. -Бүгінгі күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ револьверлік схема шеңберінде жергілікті сауда желілері мен көкөніс өндірушілеріне айналым қаражатын толықтыруға несие берді, деді «Атырау» Г.Кәрімжан. Оның айтуынша, айналым схемасы бойынша жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері, яғни пияз, сәбіз, қырыққабат қыркүйек айынан бастап, ал картоп шілде айынан бастап саттыққа шығарылады.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда