28 Маусым, 2022 249

Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жайлы заңға қол қойды

Бұл заң мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау саласында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені шешуге арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.


    «Осы заң мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау саласында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені шешуге арналған. Сондай-ақ бұл бағыттағы әлеуметтік саясатты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіруді көздейді. Кедергісіз орта қалыптастыруға арналған ережелер де назардан тыс қалған жоқ. Алдағы уақытта бұл заң мүгедектігі бар адамдардың құқығын тиімді қамтамасыз етуге тың серпін береді деп сенеміз.

Сенаторлар аталған бағытты үнемі назарда ұстап, тиісті заңнамалық жұмысты әрі қарай жалғастыра береді», - деді маусым айында Сенат отырысындағы аталған заң жобасының талқысында Мәулен Әшімбаев.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда