27 Маусым, 2022 373

Ойыншық тапаншамен 2 млн. теңге тонаған адам 12 жылға сотталуы мүмкін

40 жастағы ер адам ойыншық қарумен жанар-жағармай құю станциясынан екі миллион теңгені тонап кеткен.


Ер адам танымал "Кальмар ойыны" сериалындағы масканы тағып, жанармай құю станциясына шабуыл жасады.
Өскемен полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 мамырда болған.
"Өскемен полиция департаментінің "102" жедел желісіне хабарлама келіп түсті. Қоңырау соққан адам түнде "Кальмар ойыны" сериалындағы масканы киген белгісіз ер адам Гейдерная көшесіндегі жанар-жағармай құю станциясындағы кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқыту арқылы инкассатор сөмкесіндегі екі миллионнан астам ақшаны тонап кеткенін хабарлады", - деп мәлімдеді департаменттегілер.
Тәртіп сақшылары сигналды қабылдағаннан кейін қылмысты ашуға тез арада кірісіп кеткен. Тергеу амалдарының бүкіл кешенін жүргізгеннен соң криминалды полиция қызметкерлері екі сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Тоналған қаражат ұсталған ер адамның автокөлігінен табылды. Ал үйден ер адам қылмыс кезінде кезенген "қару" табылды. Оның ойыншық екені анықталды.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ол тонау фактісі бойынша айыпталып отыр. Сот санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

 

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда