27 Маусым, 2022 689

Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулаған топ қолға түсті

Олар 534 келіге жуық балықты қолды қылмақ болған.


Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары 533,95 келі БЕКІРЕ тұқымдас балық түрлерін қолды қылмақ болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

25 маусым күні түнгі  03:00 шамасында Теңіз балық инспекциясы мен  Дамбы Балык Инспекция бөлімі, сондай-ақ, Ақ Жайық резерватының қызметкерлері бірлесіп жүргізген балық қорғау жұмыстары кезінде, Каспий  теңізі бағытынан келе жатқан қайықтарды байқайды.  Сөйтіп, Байда қайығы мен 2 дана қос моторлы "Ямаха-200" моторына мінген 3 адам тоқтамай, Дамбы ауылы тұсында Жайық өзені арқылы қашып кетеді.  

Бұл оқиға түнгі уақытта орын алғандықтан, оларды тауып алу мүмкін болмады. Сол мезетте 102 нөміріне браконьерлер туралы хабар беріледі.  Байда қайығын полиция қызметкерлері тінткен кезде Бекіре тұқымдас балықтар табылды. Олардың жалпы салмағы 533,95 келіні  құрады.

Қазіргі кезде заңсыз балық аулаушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда