27 Маусым, 2022 347

Атыраулық студенттер «Айбыннан» жүлделі оралды

Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиынында колледж студенттері жүлдеге ие болды.


Қарағанды облысындағы Спасск әскери полигонында өткен республикалық "Айбын VIII"  әскери-патриоттық  жастар жиынына қатысу үшін Атырау қаласы бойынша Батыс өңірлік қолбасшылығы атынан "Батыс" әскери-патриоттық клубы және "Х.Доспанова" әскери-патриоттық клубы  қатысып қайтты.   Атырау политехникалық жоғары колледжінің 2 курс студенті Ақбисен Бекзат пен 1 курс студенті Даулеш Диас осы екі команда құрамында өнер көрсетті.

Бір жұмаға созылған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 600-ге жуық жас сарбаз катысып, 12 түрлі сайыс  бойынша бақ сынады.

 "Батыс" командасының мүшесі, 2 курс студенті Ақбисен Бекзат  "Smart Sarbaz" өнертапқыш байқауы бойынша жүлделі ІII-орынға ие болды.

Ал "Х.Доспанова" командасының мүшесі,  1 курс студенті Даулеш Диас әскери эстафетадан  жүлделі 2 орын алды.

VIII Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жастар жиыны Қарағанды облысындағы оқу орталығының базасында өтті.  Іс-шара Балалар жылына және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналды.

 

Эльмира Мықтыбаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда