27 Маусым, 2022 299

Президент мерзімін ұзарту және өлім жазасын алып тастау ұсынылды

Конституциясын жаңартуға дайындалып жатқан тағы бір ел өз өзгерістерін ұсынды жеп хабарлайды ATPress.kz.


Өзбекстанда өлім жазасын алып тастау және президент өкілеттігін ұзарту туралы баптарды енгізу ұсынылды. Республика конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын парламенттік "Народное слово" газеті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салынған", - делінген жоба мәтінінде. Өзбекстан конституциясының 24-бабында өмір сүру әр адамның ажырамас құқығы екені және ол заң жүзінде қорғалатыны жазылған.

Сонымен қатар, Өзбекстан президентінің мерзімін 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды.

"90-баптың екінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын", - делінген құжат мәтінінде. Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Өзбекстан президентін ел тұрғындары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Сондай-ақ елдің негізгі заңына құқық қорғау органдарының тұрғындарды қамауда ұстау мерзімін 48 сағатпен шектеу туралы тармақ енгізу ұсынылып отыр. Тағы бір тармаққа сәйкес, "ұстау кезінде адамға оның құқықтары мен қамауға алу негіздерін түсінікті тілде айтылуы қажет".

4 шілдеге дейін Өзбекстанда жобаны жалпыхалықтық талқылау өтіп, одан кейін ел конституциясына өзгертулер енгізу референдумда шешіледі.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда