Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады
Ақорда осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ATPress.kz.


Бүгін, 27 маусым Мемлекет басшысы "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді.
29 маусымда президент Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады.
Ал 30 маусымда Тоқаев Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда