20 Мамыр, 2022 537

Атыраулық түлектердің ҰБТ тапсыратын пункттері белгілі болды

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу облыс бойынша 2 пункт базасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ATPress.kz.


Бірінші пункт облыс орталығындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғимаратында, ал екінші пункт Құлсары қаласында орналасқан. 
Айта кетейік, биыл ҰБТ тапсыруға 4789 оқушы ниет білдіріп отыр. Ал былтыр 4425 бітіруші тест тапсыруға өтініш беріп, орта балл 71,2 % -ті құрады. 
Тестілеу  5 шілдеде аяқталады. Форматы және пәндер саны бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Ең жоғары балл - 140. Уақыты - 4 сағат.
Талапкерлер биыл мемлекеттік грантқа ілігуі үшін екі рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік алды. Талапкер осы екі тест нәтижесінің бірін алып, конкурсқа қатыса алады. Алайда таңдау пәндерін ауыстыруға болмайды.
Бір компьтер, екі камера, бір тестіленуші қағидаты болады. Яғни тағы бір фронталды камера қосылды. ҰБТ кезінде тікелей трансляция жасалады. Әрбір ата-ана ҰБТ-ның өту барысын көре алады. 


Эльмира МЫҚТЫБАЕВА


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда