19 Мамыр, 2022 1106

Елордада өткен Азия біріншілігінде жерлесіміз Глеб Повстянко чемпион атанды

Астана қаласында каратэ-киокушинкай бойынша Азия чемпионаты өтті. Атыраулықтар  1 алтын, 1 күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Жарысқа әлемнің 12 елінен 300-ге  жуық спортшы қатысты. Додада Қазақстан құрамасының спортшылары қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, көшбасшы атанды.  Екінші орынды Иран өкілдері иеленді.  Үздік үштікті Қырғызстан құрамасы еншіледі. 


Құрама сапындағы 16-17 жас аралығындағы ұлдар арасында 65  келі салмақта жерлесіміз Глеб Повстянко алтын медалге қол жеткізді.  Сондай-ақ, 60 келі салмақта Аружан Абрахманова күміс жүлдегер атанды. 

-Бапкерімнің және сенген ата-анамның сенімін ақтай алғаныма қуаныштымын. Алдағы жарыстарға дайындаламыз. Бұған дейін Еуропа және әлем чемпионы атағын жеңіп алуды мақсат етіп қойған болатынмын. Бұл күн міндетті түрде келетініне сенімдімін және біз жарқын жеңістерімізбен қуанта береміз, деді Г.Повстянко.


Айта кетейік, қазір чемпиондар 5-6 маусым күндері Испанияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Макпал Бисембаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда