25 Қаңтар, 2022 233

Атырауда "Ashyq" қосымшасы карантин режимін бұзған 61 тұрғынды анықтады

Атырау қаласында коронавирус жұқтырғанына қарамастан, қоғамдық орындарға емін-еркін барып жүрген тұрғындар анықталды.


"Қызыл" мәртебесі бар азаматтар "Ashyq" арқылы ХҚКО-ларда, сауда орындары, базарларда, әуежайда, дүкендерде және басқа да объектілерде көрсетілетін қызметтерді пайдалануға тырысқан, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жыл басынан бері Атырауда "Ashyq" бойынша "қызыл" мәртебесі бар 61 адам анықталды. Осыған байланысты мамандар амбулаторлық емдеудегі қала тұрғындарын оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақыруда.

- Вирус жұқтырғандармен қатынаста болған адамдар,  өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы керек. Және орындарға барудан бас тартуы тиіс. Егер өткен жылдың желтоқсан айында коронавирус ауруын бір аптада 100 адам жұқтырған болса, бұл жолы тек қала бойынша күніне 300 - ден астам науқас анықталуда. Бұл қауіпті жағдай - деді брифинг барысында Атырау қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Қамзин.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда