25 Қаңтар, 2022 273

28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезі өтеді

"Аталмыш съездке Атырау облысынан 16 делегат сайланды" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалында өткен онлайн кеңес мәжілісінде белгілі болды.
-    Елдегі  карантиндік шектеу шараларына орай, сьездті онлайн форматта өткізу жоспарлануда. Бүгінгі мәжілісте жиналуымыздың басты міндеті осы партия съезіне Атырау облысынан делегаттарды сайлау, - деді
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы
Махамбет Досмұхамбетов.
Кеңес қорытындысы бойынша, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезіне 16 делегат сайланды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеуінде  Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың "Nur Otan" партиясының төрағасы болып жуық арада сайланатынын мәлімдеген болатын.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда