25 Қаңтар, 2022 708

Тоқаев сынаған банк басшысы қызметінен кетті

ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


"Жалғыз акционердің ("Бәйтерек" ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың "Қазақстанның даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Президент Тоқаев Қазақстанның Даму банкі элитаның жеке банкіне айналғанын айтқан болатын.

"Біз бәрінің аты-жөнімен білеміз, олар жоғарыдағылардың кеңсесіне еркін кіру секілді артықшылыққа ие" деген еді Мемлекет басшысы. 

Макпал Бисембаева


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда