25 Қаңтар, 2022 765

Жосықсыз кәсіпкерлермен күресіп жатырмыз - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кедендік шекарадағы тәртіпті қалпына келтіру және жосықсыз кәсіпкерлермен күресу бойынша табанды жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді


"Соңғы жылдары аймақішілік ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Бұл ретте мемлекеттер арасындағы қарқынды және сенімді диалог басты рөл атқарады. (...) Заманауи бақылау-өткізу пункттері ашылып, қосымша рейстер мен теміржол бағыттары іске қосылып жатыр. Кедендік шекарадағы тәртіпті қалпына келтіру бойынша шешуші жұмыстарды бастадық. Заңсыз схемалар енгізіп, бизнеске түрлі кедергі қойған жосықсыз кәсіпкерлермен де күресіп жатырмыз. Осындай заңсыз әрекеттерге қарсы күрес нәтижесі алыс емес екеніне сенімдімін", - деді Тоқаев "Орталық Азия – Қытай" онлайн саммитінде сөйлеген сөзінде.

Ол Қазақстанға импорт пен үшінші елдерге транзит ешқандай жағдайда зардап шекпейтініне сендірді.

"Мен Үкіметке және құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма бердім. Шекара маңындағы аймақтарда көтерме-тарату және агрологиялық орталықтарды қамтитын инфрақұрылым құруды жалғастырамыз. Бұл шаралардың барлығы өңірішілік сауданың өсуіне оң әсерін тигізуде", - деді Тоқаев.

Ол Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы соңғы жылдың өзінде 40 пайызға жуық артқанын айтты.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда