Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды.


Қ.Тоқаевтың тағы бір Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Берік Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасы қызметінен босатылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Н.Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген. Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда