18 Қаңтар, 2022 3120

Атырауда 19 қаңтардың түнінен бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылды

Бұл турал Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


«19 қаңтардың түнінен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бұған дейін Президент басқа өңірлердегі төтенше жағдайды мерзімінен бұрын алып тастады. Осылайша, бүкіл ел қалыпты өмірге қайта оралуда. Төтенше жағдай кезеңінде енгізілген коменданттық сағат және басқа да уақытша шектеулер жойылды. Халықтың бірлігі мен ынтымағы, құқық қорғау органдары мен әскердің жанкешті еңбегінің арқасында бүкіл Қазақстан бойынша тәртіп пен тыныштық орнады. Елімізде әрқашан тыныштық пен береке болсын!» деп жазды Берік Уәли.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда