18 Қаңтар, 2022 218

COVID -19: Қазақстан екі жылда 18 326 адамынан айрылды

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай және омикрон штаммының айналымы туралы баспасөз-конференциясында баяндады.


«Біз коронавирус зардабынан екі жылда 18 326 адамнан айрылдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалттық.  

Каталдау естілсе де айтайын - көп жағдайда осыған өзіміз кінәліміз.

Тығылып қонаққа бару, ресторанның артқы есігінен кіріп той жасау,  масқа тағуды қажет деп санамау,  санитарлық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің кесірінен қаншама адам қайтыс болып кетті.

Негізі, «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» деп аталарымыз бекер айтпаған» деді Ералы Тоғжанов.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда