Теңіз кен орнында да індет күшейді
Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.


Коронавирустық инфекциясы бар 294 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 240 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 66 адам емделді.
Қазір 2468 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада - 39, модульдік ауруханада - 170, фтизиопульманологиялық орталықта - 20 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 45. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 456 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда