17 Қаңтар, 2022 338

Футзал: Бразилиялық Эдсон Қазақстанның азаматтығын алды

Футзалдан алматылық «Қайрат» командасының ойыншысы Эдсон Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды ATPress.kz сайты клубтың ресми парақшасына сілтеме жасап.


«Футзалдан алматылық «Қайрат» командасының ойыншысы Эдсон Қазақстан азаматтығын алды.

Бұдан былай ол Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсете алады» делінген «Қайрат» футзал клубының инстаграмм желсіндегі респм парақшасында.  

Жақында Нидерланды елінде өтетін футзалдан еуропа чемпионаты басталатыны белгілі. Құрлықтық турнирге Эдсон да шақырту алды. Бұл - Қазақстан құрамасында бес бразилиялық өнер көрсетеді деген сөз. Олар - Игита, Дуглас, Лео, Тайнан және Эдсон.

Алматылық клубта 2018 жылдан бері ойнайтын Эдсон команда сапында 98 кездесу өткізіп, 87 гол соққан.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда