17 Қаңтар, 2022 779

Атырауда бір тәулікте 600-ге жуық адам Covid-19 жұқтырған

Аймақта коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 596 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 422 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталды. Ал, 43 - Жылыой ауданында, 20 -  Индер ауданында, 10 - Исатай ауданында, 30 -  Қызылқоға ауданында, 15 - Құрманғазы ауданында, 15 - Мақат ауданында, 15 науқас - Махамбет ауданында анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 366 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 230 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 28 адам емделді.

Қазір 2063 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 32, модульдік ауруханада - 180, фтизиопульманологиялық орталықта - 18 адам,
аудандық инфекциялық стационарларда - 40. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 395 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда