17 Қаңтар, 2022 1713

Қ.Тоқаев жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жерді атады

Мемлекет басшысының айтуынша, LRT еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналған.


Бұл туралы ол Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ATPress.kz.

 "Бұл әдеттегі инфраструктуралық жобадан еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналды. Бұған дейін көп қаржы бөлінді, шетелдік серіктертермен бірге келісімшарт бекітілді. Бұл жоба бастапқыда қате басталды. Мұны мойындау керек. Жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба. Енді оңтайлы шешім қабылдауымыз қажет. Себебі оны бұзу – уақыт пен қаржы шығынына алып келеді. Бізде басқа амал жоқ. Осы жобаны қолданысқа енгізетін мүмкіндіктерді қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыру қажет" деді Мемлекет басшысы.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Астана LRT