16 Қаңтар, 2022 978

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам қаза болғаны айтылды

Алматы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде 149 адам қаза тапқанын айтты.


"Бүгінде құқық қорғау органдарының 11 қызметкері қаза тапты, бейбіт тұрғындар ішінде 149 адам қаза болды", - деді Таймерденов ОКҚ-дағы брифингте.

 Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Қазақстанда 4578 адам зардап шеккенін, оның 4353-і жарақат алғанын, оның ішінде құқық қорғау органдарының 3393 қызметкері барын айтқан болатын.

 Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. 

Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда