16 Қаңтар, 2022 10307

Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босталды, деп хабарлайды ATPress.kz.


"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30- желтоқсаннан бастап жыл сайынғы еңбек демалысын алған болатын. Бірақ, 10 - қаңтар күні жұмысқа кері шақырылып алынды. Алайда келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің Өкімімен Қайрат Оразбаев 14 – қаңтар күні өзінің жазған өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазіргі кезде қала әкімі міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда