15 Қаңтар, 2022 631

Қыстың көзі қырауда Атырауда жарық неге сөнді?

Атырау қаласының тұрғындары кешелі бері элект жарығының ескертусіз сөніп қалғанын әлеуметтік желіде қызу талқылауда.


Бірыңғай байланыс орталығы  жөндеу  жұмыстарының жүріп жатқанындығын айтты. 

«Дамбы, Геолог, Еркінқала, Береке, Алмалы, Лесхоз, Жұлдыз - 3, Атырау, Аксай, Зарослый, Томарлы, Жұмыскер, Вокзал маңы мөлтек аудандарында жарық беруді қалыпқа келтіру мақсатында «Атырау Жарық» АҚ-ның бригадалары жұмыстар жүргізуде» деп жазды орталық әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

 Алайда онда ақаудың себебі айтылмады. Желі қолданушылар жазбаға пікір қалдырып, қыстың көзі қырауда жөнделіп жатқан жарыққа қатысты сын-ескертпелерін білдіріп жатыр.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда