24 Қараша, 2021 560

Атырау облысында аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері абақтыға қамалды

Бюджет қаражатын жымқырғаны үшін Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері бір жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды ATPress.kz.


Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директорына бұрынғы әріптестерінің қатысуымен үкім шығарылды.

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау соттарында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жаңа тәсіл қолданыла бастады. Енді сыбайлас жемқорлық баптары бойынша үкім сотталушы еңбек еткен ұжымның қатысуымен жарияланады, - деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Мамыт.

Сотталушы ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігінде, 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бейресми деректерге сүйенсек, бұрынғы бас дәрігер Құрманғазы аудандық ауруханасын бес жыл басқарған, облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ал тергеу басталған кезде ол Құрманғазы ауданы, Орлы ауылына бас дәрігер болып ауыстырылып, күні бүгінге дейін сол жерде қызмет етті.

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда