15 Қазан, 2021 552

Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті 80 жылдығын атап өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Махамбет ауданында "Жайық шұғыласы" газетінің 80 жылдық датасы кең көлемде аталып өтті. Ауқымды шара сала ардагерлері мен белгілі қаламгерлердің басын қосты.


Басылым шежіресі 1941 жылдың 19 наурызынан басталады. Себебі, осы күні газет «Ленин жолы» атауымен оқырманға алғаш рет жол тартты.

Жарық көргеніне биыл 80 жыл толған басылым Махамбет ауданының өшпес шежіресін қаттап келеді.

"Кәрі тарих үшін 80 жыл көп болмаса да, бұл осы басылымда еңбек еткен сан алуан ұрпақ өкілдері үшін едәуір мезгіл.  Газет те қызмет еткен аға буын мен ондағы өскелең жастар да осы мезгіл бедерінде сындарлы соқпақтардан өтті.  Олардың қай қайсының да газет тарихында алар орны ерекше" дейді "Жайық шұғыласы" газетінің бас редакторы Баян Сүйеуова.


Мерейлі дата аясында "Қанатты қатайтқан қара шаңырақ" кітабының тұсауы кесілді.

«Жайық шұғыласының» ардагерлеріне, редакцияның қазіргі ұжымына мерекелік медальдар мен Атырау облысы әкімінің, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының, Атырау облысы мәслихатының алғыс хаттарын Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов табыс етті.

"Жайық шұғыласы" газетіне демеушілік қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлерді  "Атырау - Ақпарат" медиа холдингі бас директоры Ысқақ Егембердиев марапаттады.
Сонымен бірге, мерекелік шара аясында «Сарайшық» музейіне, Сарайшық мешітіне экскурсия жасалды.

Махамбет батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Атап өтелік, газетке алғаш рет Мақсот Жалмұқатов редакторлық етті.

Кейін Айтқали Ыбыраев, Кенжеғали Қощанов, Дошу Шененов, Ғалым Қожықов, Қабдол Кенжеәлиев, Нұр Тағамбаев, Ізтелеу Көпбаев, Сақтан Хасанов,

Теңдік Жауыров, Сайлаубай Тәжбентаев, Қырықбай Бекбаев,
Дәулетқали Аруев, Нұрым Ерғалиев әр жылдарда редактор болды.


Әр кезеңде газет «Социалды қой шаруашылығы», «Социалистік қой шаруашылығы», «Малды өңір» атауымен оқырманға жетті.

«Жайық шұғыласы» атауын газет 1978 жылдан бастап иеленді.

Бүгінде 2600 данамен таралып отырған "Жайық шұғыласы" газеті ресми сайтын ашып, интернет медиа кеңістігінде де желі қолданушыларын әлеуметтік, қоғамдық, саяси, рухани тақырыптағы өзекті жаңалықтармен күнделікті ақпараттандырып келеді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда